Описание:
- Шымкент қаласындағы «Энергетика және байланыс колледжі», бұрынғы ОКТУ 1963 жылы наурыз айында ашылған, Республикалық көлемінде «Киномеханик» және «Байланыс» мамандықтары бойынша дайындаған. Базалық мекемесі облыстық кинофикацияның басқармасы болған. 1976 жылы училище (Парк көшесі) қазіргі Қ.Жарқынбеков көшесінде №13 үйде орналасқан.
 - Колледждің 56 жылдық тарихы бар, осы уақытта колледж, атын өзгерту мен қайта ұйымдастырудың бірнеше кезеңінен өтті.
 - Қаз ССР мемлекетінің кәсіптік білім берудің №220 бұйрығымен 13.08.1984 жылғы ГПТУ №38 ҚКТУ (Қалалық кәсіптік техникалық училище) атауы, ОКТУ (СПТУ) №4 (Орта кәсіптік техникалық училище) болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімшілігінің 31.07.1996 жылғы №153 шешімімен №4 ОКТУ (СПТУ)атауы, №4 КТМ (Кәсіптік техникалық мектеп) болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімшілігінің 20.04.2002 жылғы №38 шешімімен №4 КТМ атауы, №4 КМ (Кәсіптік мектеп) болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімшілігінің 05.05.2004 жылғы №34-А шешіміне сәйкес №4 КМ атауы, №4 КЛ (Кәсіптік лицей) болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімдігінің 25.09.2008 жылғы №306 қаулысына сәйкес №4 КЛ (кәсіптік лицей) атауы 2008 жылдың 24 қазанында №4 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімдігінің 24.02.2012 жылғы №394 қаулысына сәйкес №4 КЛ (Кәсіптік лицей) атауы 2012 жылдың 24 желтоқсанда №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды.
 - ОҚО әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес «ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды».
 - ОҚО әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №99 қаулысына сәйкес «ОҚО білім басқармасының №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды».
 - Шымкент қаласы әкімдігінің 13 қыркүйек 2018 жылғы №165 қаулысына №2 қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан, Шымкент қаласы білім басқармасы «№4 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының болып ауыстырылды.
 - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 08 желтоқсандағы №767 қаулысына сәйкес "Шымкент қаласы білім басқармасының "Энергетика және байланыс колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" болып ауысты.
 
БИН: 080240007296
Название организации: ГККП "Колледж энергетики и связи"
Короткое название организации:
Миссия:
Девиз:
Основан:
Регион: Шымкент
- 
                            Шымкент
 - 
                                Частный
 - 
                                0-1 чел.
 - 
                                https://ejbk.kz/
 - 
                                Қаржаубек Жарқымбеков көшесі №13